Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде алты қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақ боксшылары:
Күндізгі сессия
- 1-жұп (А рингі). Әйелдер. 54 кгелі Анель Сакыш — Феруза Казакова (Өзбекстан)
- 5-жұп (В рингі). Ерлер. 55 келі. Махмуд Сабырхан — Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)
- 9-жұп (А рингі). Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай — Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
Кешкі сессия
- 4-жұп (В рингі). Әйелдер. 75 келі. Надежда Рябец — Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
- 6-жұп (В рингі). Ерлер. 60 келі. Серік Теміржанов — Джейкоб Кассар (Аустралия)
- 11-жұп (А рингі). Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы).
Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады. Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондайа-ақ боксшылардың өнерін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайынан да тамашалауға болады.
Елордадағы Әлем кубогына 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл – олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы.