Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

2026 жылы НАТО мемлекет және үкімет басшыларының саммиті Анкара қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Гаагада өткен соңғы НАТО саммитінде біз үшін маңызды шешім қабылданды – келесі саммит біздің елімізде өтеді. 2026 жылдың шілдесінде НАТО көшбасшыларын еліміздің астанасы Анкарада қабылдаймыз. Біз аса маңызды шешімдер қабылданатын орта қалыптастырамыз", – деді Ердоған Анкарада өткен министрлер кабинетіндегі отырыс қорытындысы бойынша.