Тозған инфрақұрылым тұрғындардың тұрмыс сапасына әсер етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді. Иә, елде ескірген нысан көп. Сол себепті Президент құрылысқа қарқын қосуды тапсырды. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар нысандарды көптеп салу керек екенін ескертті. Президент пәрменімен өңірлерде мектеп, аурухана, спорттық нысандар секілді жаңа ғимараттар бой көтеруде . Құрылыс қарқынын бағдарлама ұжымы бағамдап көрді.