Қазақстандық боксшы Наталья Богданова елордада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде 1/4 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үндістандық Чану Тхокчоммен кездесті.

Жекпе-жек тартысқа толы болды. Нәтижесінде үшінші раундта басымдық танытқан Наталья Богданова келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Әнел Сақыш (54 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) келесі кезеңге өткен еді.

Өкінішке қарай, Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) жарысты аяқтады.