Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұптық сайыста үздік ойыншылар тізімінде Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін бір саты жоғары көтерілді.

Бұған дейін теннисші тоғызыншы орында тұрған болатын. Енді Данилина сегізінші орынды иеленіп отыр.

Еске салайық, қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен ірі турнирдің финалында жеңіске жетті. Спортшы жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Шешуші матчта Данилина мен Боузкова Тайбэй өкілі Сэ Шувэй мен аустралиялық Майя Джойнтты жеңді.