Ол бір жыл аралығында мемлекеттік тілде сұхбат беруге уәде еткен.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров осы кездің өзінде қазақша үйреніп жүргенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Әрине, аздап уақыт керек. Бірақ өзіме сенімдімін. Бір жылдың аралығында қазақ тілінде еркін сөйлей аламын. Тілді меңгеруде қоғамның қолдауы қажет. Жақында сұқбаттарды қазақ тілінде беретін боламын, – деді ол.

Еске салайық, Марат Омаров 2024 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.

Бірнеше күн бұрын Марат Омаров Sports24.kz порталына эксклюзивті сұхбат берді.

– ...Келісілген матчтарға келсек, "Спорт Радар" деген ұйым бар. Сол ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлем бойынша келісілген ойындар саны жағынан 4-орында тұр. Бұл – өте өкінішті жағдай. КФФ бұл мәселемен белсенді түрде күресіп жатыр. Қазіргі уақытта, федерация бұл мәселені шешуге шындап кіріскен, – деген болатын ҚФФ президенті.