Әзербайжанның астанасында 27 жастағы жігіт кәріз құдығына құлап мерт болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға 26 маусым күні болған. Джумшуд Джумшудлу Нәриманов ауданындағы «Баксол» атауымен белгілі жол бойында кешкілік уақытта жолдың бір бөлігінің опырылып түсуі салдарынан кәріз коллекторына абайсызда құлап кеткен.

Оның денесі үш күннен кейін Говсан кенті аумағынан табылған.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін қала басшысы ток соғып, қайтыс болғаны туралы жазған едік.