Мұны мемлекеттік CCTV телеарнасы анимациялық бейнеролик ретінде эфирден берген.

Аталған қару болжам бойынша 10 мың шаршы метр аумақтағы электр станциясын істен шығару мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнеролик авторлары Қытайдың Мемлекеттік аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясына, елдің қорғаныс министрлігі мердігерінің деректеріне сілтеме жасаған.

Кадрлардан зымыранның жерүсті қондырғысынан ұшырылып, одан 90 цилиндр пішінді қосалқы оқ-дәрілердің бөлініп шығатынын байқау қиын емес. Әрі олар жерге түскен сәтте жарылады, ауаға жоғары кернеулі энергия жүйелерінде қысқа тұйықталу тудырады және химиялық өңделген көміртекті жіңішке жіп сынды заттар тарайды.

Әлемдік БАҚ бұл қаруға "графиттік бомбаның жаңа түрі болуы мүмкін" деген болжам жасауда. Ал CCTV телеарнасы қарудың нақты атауын айтпай отыр. Сондықтан, оның әзірлену немесе өндірілу сатысы мен өзге де мәліметтері құпия болып қала бермек. Әзірше ол жай ғана "отандық құпия зымыран түрі" деп сипатталып отыр.

Айта кетейік, қарсылас елдің электр желілерін істен шығару идеясы соғыс кезіндегі тактика саналады. Әрі бұл бірнеше ондаған жыл бұрын қолданысқа енген.