Еліміздің жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін парламент мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында көлік министрі лауазымына Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасы келісілген еді.