Бұл жөніндегі мәлімет әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, Шымкенттегі Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Жұмановқа қыз зорлады деген айып тағылды.
Майордың үстінен арызды оның әріптесі жазған. Сондай-ақ қыздың жүкті екені айтылады.
Тергеу амалдарын Тұран ауданының полицейлері жүргізіп жатыр. Қылмыстық кодекстің 120-бабы “Зорлау” бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалды.