Еуропалық хабар тарату одағы келесі аптада Израильді "Евровидение" байқауынан шеттету туралы ұсынысты талқылайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бірқатар еуропалық ел Газадағы оқиғалардан кейін Израильді 2025 жылғы "Евровидение" байқауынан шеттетуге шақырды. Олардың қатарында Словения, Финляндия, Нидерланды, Испания және Исландия бар.
Базельдегі байқаудың алдында ирландиялық телерадиокомпания EBU-дан Израильдің қатысу мәселесі "ұйым мүшелері арасында кеңірек талқылауға" шығарылатыны туралы уәде алды.
Исландиялық БАҚ RÚV кеңесінің отырысының хаттамасын жариялады. Хаттамаға сәйкес, 3 шілдеде Лондонда өтетін еуропалық хабар тарату одағының бас ассамблеясында Израильдің "Евровидениеге" қатысу мәселесі талқыланады.