Бұл жөнінде көпшілікке АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі Израильдің жұмадан сенбіге қараған күні жасаған әуе шабуылдарынан кем дегенде 49 палестиналық қаза тапқанын мәлімдеді. Солтүстіктегі "Шифа" ауруханасының мәліметінше, Джабалия босқындар лагеріндегі мектепке жасалған шабуылдан кейін сегіз адам тірідей жанып кеткен.

Газа қаласында да израильдік шабуылдан кейін құтқарушылар стадионнан аман қалғандарды іздеп жатыр. Бұл стадион анклавада қоныс аударған тұрғындарды паналатқан, әзірге 12 адамның қаза тапқаны анық.

Израиль әскері көмекке кезекте тұрған бейбіт палестиналықтарға оқ атуға бұйрық берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл мәлімдеме палестиналықтардың азық-түлік тарату пункттеріне бара жатқанда оққа ұшып, жарақаттанған оқиғалардан кейін айтылды. ЦАХАЛ бұл жағдайларды тексеріп жатқанын хабарлады.

Осы арада Қатар Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс аяқталғаннан кейін тұтқындарды босату жөніндегі келісімге мүмкіндік бар екенін айтты.

Ал жақында АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС арасында бітімге келу келісімі келесі аптада жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Біз келесі аптада атысты тоқтату келісіміне қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Біз Газа секторындағы жағдайды реттеуге тырысып жатырмыз", — деді Дональд Трамп журналистерге.