2 шілдеде VOV3 Вьетнам дауысы радиоарнасы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық фан-клубының қызметіне арналған "Idols Talk: Deep" бағдарламасын көпшілікке ұсынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Радиохабар әншінің өнер жолына арналады. Қытайлық "Singer 2017" шоуындағы дебютінен бастап әртүрлі музыкалық жанрларды қамтитын халықаралық жетістіктері түгел қамтылады. Бағдарламада сонымен қатар оның қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдеріндегі орындаған әндерін қояды.

Эфирде Димаштың орындауындағы SOS d’un terrien en détresse және Любовь уставших лебедей әндері қойылады.

Хабардың екінші бөлімі Димаштың 2017 жылы құрылған вьетнамдық фан-клубына арналады, клуб мүшелері әншінің шығармашылығына қызығушылық танытады, кездесулер ұйымдастырады, бірнеше тілде контент дайындайды және оның мәдени миссиясын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды үйлестіреді.

Сондай-ақ бағдарламада Димаштың шетелдегі концерттеріне қатысқан жанкүйерлер туралы естеліктер, фан-клубтың көпшілікке арналған іс-шаралары мен әншімен онлайн форматтағы кездесулері туралы айтылады.

"Idols Talk: Deep" бағдарламасы 2025 жылдың 2 шілдесінде VOV3 (Вьетнам дауысы) арнасында Вьетнам уақытымен 8:30, 15:30 және 19:30-да хабар таратады.