Байқоңырда "Прогресс МС-31" жүк кемесін ұшыруға дайындық аяқталуға жақын. Дайындық барысының ерекше кадрларын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір "Прогресс" ғарыш кемесі 31-алаңдағы монтаждық-сынақ корпусына жеткізіліп, зымыранмен біріктірілетін жалпы құрастыру жұмыстары жүріп жатыр.
"Ғарыштық бас бөлік — бұл кеменің бас қаптамасы мен зымыранның үшінші сатысындағы ауыспалы бөлімімен бірге құрастырылған түрі", — деп нақтылады корпорация.
"Ғарыш жүк көлігін" Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2025 жылғы 3 шілдеге жоспарланған.