Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымдық дамудың жаңа деңгейіне көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет өңірлердегі жылу желілерін реконструкциялап жатыр, деп хабарлайды El.kzинтернет порталы.
Қостанай облысы Арқалық қаласының жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 250 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Арқалық ЖЭО 375 ғимаратқа қызмет көрсетеді және коммуникациялардың жоғары тозуына байланысты қызыл аймақтағы жылу көздерінің тізіміне кіреді.
Қаланың жылу желілерінің ұзындығы 34,7 шақырымды құрайды, оның көп бөлігі 1990 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда тозу 48%-ды құрайды, кейбір учаскелерде 82%-ға дейін жеткен, бұл жылыту маусымында жылу энергиясының 24-29%-ға дейін болмауына әкеледі.
2023 жылдан бастап қалада жылу көздерін жаңғырту бойынша жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 17 шақырым жылу желілері ауыстырылды. 2025 жылы тағы 9,9 шақырым жаңарту жоспарлануда. Жұмыстар кезең кезеңмен жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін жалпы тозу 12%-ға төмендейді деп күтілуде.