Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

28 маусым сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы бойымен айналып өтуге болады.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген AlmatyJoly Telegram арнасының хабарламасында.