Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Әлем кубогының нысандарымен танысып шықты , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында дайындық барысы жалғасып жатыр. Спорт кешенінде Әлем кубогына залды безендіру және техникалық дайындық жұмыстары басталған. Шахмұрат Мүтәліп өз нұсқаулықтарын беріп, ұйымдастыру тобының есебін тыңдағаны айтылды.
Сондай-ақ, федерация президенті ұлттық құрама мен шетелдік командалар оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Боксты дамыту орталығына барып, бапкерлер және боксшыларға алдағы жарыста сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетсек, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогы өтеді. Аталған жарысқа 30 елден 300ге жуық спортшы қатысады.