Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Sports24.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық футболдағы келісілген матчтар мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ермұхамед Мәуленнің қандай да бір мәлімдемесін естіген жоқпын. Бірақ бір нәрсені нақты айта аламын – ешқандай қысым болған жоқ. Ал келісілген матчтарға келсек, «Спорт Радар» деген ұйым бар. Сол ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлем бойынша келісілген матчтар саны жағынан 4-орында тұр. Бұл өте өкінішті жағдай. КФФ бұл мәселемен белсенді түрде күресіп жатыр. Сондықтан Ермұхамедтің айтқандарында шындық бар. Қазіргі уақытта федерация бұл мәселені шешуге шындап кіріскен», – деді Марат Омаров.
Еске сала кетейік, бұған дейін КФФ өкілі болған Ермұхамед Мәулен федерациядағы жұмыстан кеткен еді. Журналист қысым болғанын айтып, қазақстандық футболда болып жатқан келеңсіздіктерге қатысты бірнеше сыни пікір білдірген болатын.