Конституцияның 30 жылдығына орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейнероликтер байқауын жариялады. Мақсаты – адалдық пен заңға бағыну құндылықтарын насихаттау. Бейнероликтерде пара бермеу, заң бұзушылықтарды хабарлау, құқықтық тәртіпті сақтау тақырыптары қамтылуы тиіс. Жұмыстар 27 маусым мен 27 шілде аралығында қабылданады. 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Жүлде қоры – 2 млн теңге. 6 жеңімпаз анықталады. Оның 3-і қазақ, 3-і орыс тілінде болмақ.

Динара Жарқынбек