Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет 2025 жылы 27 маусымда Almaty_Joly Telegram арнасында жарияланды.

"28 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы бойымен айналып өтуге болады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 2025 жылы 24 маусымда да Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылатыны хабарланған.