Құтқарушылар 2012 және 2009 жылы туған балаларды судан алып шықты.

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында шомылып жүрген екі баланы құтқарушылар дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

26 маусымда 7-қалалық жағажайда патруль жүргізу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта қауіпсіз аймақтан асып кеткен екі баланы байқап қалды. Олар өз бетімен жағаға қайта жүзе алмаған.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарының көмегімен балаларды жағаға дін аман алып шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • Балаларды су жанында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайық, катамаран, SUP-бордпен жүргенде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
  • Ауа райының өзгерісі мен желдің күшін бақылап отырыңыз.