Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Алматыда жоғары лауазымды әскери қызметкерлер қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл дерекке ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде қорғаныс саласында жұмыс істейтін бірқатар жоғары лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

"ІІМ Әскери-тергеу департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 451-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Үш күнде 19 рет қол көтерген". Астанада балабақша қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды