"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның екі қаласының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде.

"2025 жылғы 27 маусымда Петропавл және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.