Өндіріс қалдығының беті ашық жатқандықтан жел тұрса зиянды қалдықтар көкке көтеріліп ауаны ластайды.

Шымкент тұрғындары қорғасын зауытының қалдығынан зардап шегіп отыр. Оны жұтқан жұрт денсаулығынан айырылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар мәселені талай рет көтергенімен билік бейғам, ал экология департаменті тіптен қауқарсыз.