Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында оның сөмкесінен алдын ала дайындалған, оралған күйдегі кептірілген марихуана салынған пакеттер табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіден асқан.

Оның айтуынша, көлік полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын өткізу әрекетінің жолын кесті. Жедел әрекеттің нәтижесінде есірткінің қала аумағында заңсыз айналымға түсуіне жол берілмей, халық арасында оның таралуына тосқауыл қойылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

"2025 жылдың маусым айында Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", — деді Фараби Елубаев.