Елімізде бейнемониторинг жүйесі арқылы 585 қылмыскер ұсталды.
Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіге негізделген бейнемониторинг жүйесі кеңінен қолданыла бастады. Бүгінде 19 мыңнан астам бейнебақылау камерасы смарт технологиямен жабдықталған. Жүйеге 75 мыңнан астам адамның фотосуреті енгізілген. Ақылды камералар адам бейнесін тану, топталған адамдарды анықтау, қару немесе күмәнді заттарды тіркеу секілді күрделі функцияларды орындайды.
– 19 мың ақылды камера жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Соның санын да біз 80 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. 1-2 жылдың ішінде. Осы технология арқылы біз профилактика жұмыстарын жүргізу, мақсатымыз қылмыстардың болмауын және қылмыстарды жедел түрде ашуға әрекет жасаймыз, – деп мәлімедеді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов.