Бишімбаев отырған түрмеде сотталғандардың 60 пайызы жұмыспен қамтылған. Ал оған әлі жұмыс табылмапты.

ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетовтың айтуынша, түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевқа әлі күнге дейін жұмыс табылмаған. Өйткені, бұл түрмеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жәнібек Баймағанбетовтың жауабын KursivMedia жария етті.

"Мекемеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бизнес аймақ жұмысшылармен толық қамтылған. Ол жерде қосымша цехтар ашылуы керек, сол кезде жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сол кезде мекемедегі барлық сотталғанды жұмыспен қамтимыз. Қазір сотталғандардың 60%-ы жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сотталғандарды таңдап жұмысқа орналастырмаймыз", – дейді Жәнібек Баймағанбетов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Курсив (@kursiv.media.kz)

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталып, 24 жылға сотталды.

Ол келесі қылмыстарды жасады деп айыпталды:

  • ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру";
  • ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі бойынша, яғни азаптау.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты барлық материалды осы гиперсілтемеге өтіп көре аласыз.


Оқи отырыңыз:

  • Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені рас па? ҚАЖК жауап берді
  • Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі: апелляция қандай шешім қабылдады