Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 26 маусымда Almaty_Joly Telegram-арнасы мәлімдеді.
"26 маусым күні сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады",- деп мәлімдеді ведомство.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылатындығы атап өтілді.
"Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматы тауларында жеке тұрғын үй өртенгендігі хабарланған болатын.