Қазақ дзюдошысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты.

Жаңа тізімде 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абиба Әбужақынова екі саты жоғарылап, әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілген. Оның еншісінде 5662 ұпай бар.

Рейтингте 5958 ұпаймен италиялық дзюдошы Ассунта Скутта көш бастады.

Айта кетейік, жуырда Будапештте дзюдодан өткен әлем біріншілгінің финалында Абиба осы Ассунта Скуттодан жеңіліп, күміс медальға ие болған еді.

Ал үздік үштікті 5170 ұпаймен франциялық Ширин Букли қорытындылады.