109 қызметіне жасөспірімнің суға кеткені туралы хабар түскен соң, оқиға орнына сүңгуірлер келіп, 2007 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды .
Қайғылы оқиға «Шомылуға тыйым салынған» белгісі орнатылған жерде болған. Сайран көлі әлі пайдалануға берілмеген, оның аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бұл жағдайдың өзінде де шомылғысы келетіндер аз емес, — делінген мәліметте.
Сонымен қатар көлден 48 жастағы ер адамның денесі шығарылды. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйде суға түскен.