Қазгидромет 26, 27, 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклон жылжып келеді, соның әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
"Алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады", — деп жазылған хабарламада.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күрт өзгермейді: күндіз батыста, солтүстікте және шығыста +18…+28°C, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+38°C болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!