Индонезия билігі елде 2 айлық операция барысында есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 285 адамның тұтқындалғанын хабарлады.

Ұсталғандардың арасында 29 әйел мен 7 шетел азаматы бар. Жалпы жарты тоннадан астам есірткіні тәркілеген, деп жазады inbusiness.kz сайты Associated Press-ке сілтеме жасап.

Ұсталғандардың жетеуі шетел азаматтары: 1 америкалық, Қазақстан (екеуі), Малайзия (екеуі), 1 үндістандық және 1 аустралиялық.

Ұлттық есірткімен күрес агенттігі басшысының орынбасары Буди Вибовоның айтуынша, билік 683 885 грамм (0,68 тонна) кристалды метамфетамин, марихуана, экстази, ТГК, гашиш және амфетаминдерді тәркілеген. Осылайша 1,3 миллионнан астам адамның қолына есірткінің түсуіне жол берілген жоқ.