Қуанышты жаңалықты қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы хабарлады.

Жанайым Рашит – Астанадағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының түлегі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Білім басқармасының мәліметінше, Жанайым ҰБТ-да таңдау пәндері ретінде "Дүниежүзі тарихы" мен "Ағылшын тілін" таңдаған. Жас түлек "Халықаралық қатынастар" мамандығына қызығушылық танытып отыр.

"Бұл қуанышты жаңалық – тек Жанайымның қажырлы еңбегі мен білімге деген ынта-жігерінің, мақсаткерлігінің жемісі ғана емес, сонымен қатар бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаздары мен қолдауын аямаған ата-анасының да зор еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

Жанайым Жәнібекқызы алдағы үлкен өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастары қатарынан көрініп, ел үмітін ақтай беріңіз!", – деп Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы өз тілегін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін түркістандық түлек Жәнібек Асқарұлы Абилхан ҰБТ-да 140 балл жинаған болатын.