Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, "Айбын-2025" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысында 23-28 маусым аралығында өтеді.

Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған.

Жиын он бірінші рет өткізіліп отыр және осы уақыт ішінде оған 10 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысқан.