Жетісу облысында да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 600-ге жуық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Құқықтық сауаттылықты артыруға бағытталған жиындарға 58 мыңнан астам жас азамат қатысқан. Басқосуларда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг, кибербуллингті болдырмау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар салауатты өмір салты насихатталып, қаржылық білімді арттыру бағытында кеңес берілді. «Құқықтық қоғам құру бағытындағы мұндай жұмыстар өз нәтижесін бере бастады», - дейді тұрғындар.
Блиц 1:
-- Тазалық өте жақсы. Бұрын мысалы оқушы балалар келе жатса, балмұздақ жесе қағазын тастай салатын. Су ішіп бара жатса, оның сыртын тастай салатын. Қазір тастамайды.
Блиц 2:
- Қазір айыппұл салынып жатыр ғой. Түкірген үшін, боқтаған үшін. Ол дұрыс, мен қолдаймын. Жастарға үйретуіміз керек.
Блиц 2:
- Кейбір ата-ана ішіп жүреді. Солардың балалары тәрбие, тәртіп алмайды. Сондықтан сондайларды жауапкершілікке тартса болады.