Мұндай бастаманы демократтардың дені қолдап отыр.

АҚШ-та Президент Трампқа импичмент жариялау туралы қарар ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демократтардың пікірінше, Ақ үй басшысының Иранның ядролық нысандарына соққы жасау туралы шешімі заңсыз.

Өйткені Конституцияға сай, Америкада қарулы операция бастау үшін алдымен Конгресстің келісімі қажет. Яғни, Президент өз бетінше шешім қабылдай алмайды.

Сарапшылар: "Қарар өкілдері палатасынан өткенімен, Сенат қабылдамайды", — деп отыр.

Себебі, республикашылардың яғни, президент Трамп жақтастарының ықпалы күшті. Ақ үй басшысына импичмент жариялау осымен төртінші мәрте ұсынылып отыр.