Словенияда ұлттық мереке – Мемлекеттілік күні атап өтіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.
"Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", – делінген жеделхатта.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Philip Morris International компаниясының ТМД және Орталық Азия өңірі бойынша президентімен кездесті