Мемлекет басшысы 2025 жылғы 25 маусымда Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz мёд

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 25 маусымда Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

«Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Тоқаевтың отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттағаны хабарланған болатын.