Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова жақында ғана ән шырқап бейнебаян түсірген еді, енді көп ұзамай кино саласында да бағын сынамақ, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жатқан желі тағы да бір толқиды...Мөлдір тағы не бастап жатыр дейсіздер?!
Бүгін емес, ертең емес , Алланың қолдауымен дәл қазір қолға алынған ерекше жоба — толық-метражды «ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ» киносы. Оны бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз. Бұл — жаңа қыр, жаңа бетбұрыс.
Қоғамдағы үнсіз шындық, жанды ауыртатын сәттер мен күлкіге жасырылған көз жасы...
Осының бәрі бір жерге тоғыса ма? Не туралы екен деп ойлап отырсыз ба?)
Жақында бәрін білесіз. Мөлдір бұл жолы нені айтпақ?..", деп жазды өнер иесі.
“Шәй в большом городе”- шынайы болмыс. Ащы шындық. Шырайлы өнер. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы. Алайда сахна мен экран шынымен шындыққа жанасқанда ғана жүрекке жетеді. Жаңа жобаға білек сыбанып кірістік. Кино түсіріп жатырмыз. Иә, өзімізше емес, өзгеше!, — деп жазылған киноның ресми аккаунтында.
“Шәй в большом городе” – жай ғана кино емес. Бұл қоғамдағы түрлі статус пен сана, қатып қалған стереотиптер, адамның ішкі жанайқайы, жалған күлкі мен шынайы сағыныш, әйел затының үні мен ер адамның үнсіздігі туралы. Біз көрерменге тек көрініс емес, ой салғымыз келеді. Кейіпкерлер айналамызда жүрген таныс бейнелер. Бірі карьера қуып жүріп жалғыз қалған, бірі тұрмыстың тасасында қалып, арманы өшкен әйел. Енді бірі сұлулық пен шындықтың арасын ажырата алмай, ішкі дағдарысқа түскен жандар. Бұл – біздің қоғам. Бұл – сіз бен біз. Қолдан келсе, қоныштан бас демей ме?! Біз де солай бастап еттік. Қолдау білдіріп, ақ тілегіңізді аямаңыз. Шай ішсең — көңілің жай! Экранда кездескенше!, — делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ (@shai_v_bolshom_gorode)