Бұл туралы осы елдің Азаматтық авиация басқармасы хабарлады.

Қазір ұшақтардың көкке көтерілуіне ешқандай кедергі жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына әуе соққысын жасағаннан кейін аймақтағы бірқатар ел әуе кеңістігін жапқан еді. Flightradar24 дерегі бойынша, Кувейт пен Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері де әуе рейстерін қалпына келтірді.

Айта кетейік, кеше Иран АҚШ-тың Қатар мен Ирактағы әскери базаларына соққы жасады. Осыдан кейін Ұлыбритания мен АҚШ өз елінің азаматтарына Таяу Шығыстағы ахуал реттелгенше сапарға шықпауға кеңес берді. Елшіліктер өз азаматтарының электронды поштасына жаппай хабарлама жіберді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Сырты істер министрлігі де отандастарымызға үндеу жариялап, сақ болуды ескертті. Онда жақын арада Таяу Шығысқа сапарламауды ескерткен.