Атырауда америкалық азамат Джек пен оның жары Ләйләға арналған ерекше той өтті. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Басты назарда – күйеу жігіттің қазақ тілінде ән шырқап, жұртты таңдандыруы. Джек танымал қазақстандық әнші Айқынның әнін орындап, той қонақтарының қошеметіне ие болды. Видеода оның қазақша сөйлеуге талпынғаны, ұлттық дәстүрге құрметпен қарағаны анық байқалады.
Жас жұбайлар – Джек пен Ләйлә – Қазақстанда бір жылдан астам уақыт тұрып келеді. Олар елімізге Фулбрайт бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәнінің оқытушылары ретінде келген. Енді, оқу жылы аяқталып, екеуі АҚШ-қа қайтуға дайындалып жатыр.
Белгілі болғандай, олар заңды некені АҚШ-та тіркеген. Алайда сол кезде үлкен той жасау мүмкін болмаған. Сондықтан достары Атырауда естен кетпес кеш ұйымдастырып, оларға қазақи той жасап беруді жөн көрген. Бұл – әрі қоштасу кеші, әрі шағын үйлену тойы іспеттес өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)