Соңғы бірнеше аптада теннис әлемі Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бубликтің ойынындағы серпіліске таңданыспен қарауда. Әлемнің 30-ракеткасы ATP рейтингіндегі үздік ойыншыларды, соның ішінде итальян Янник Синнерді жеңіп, жанкүйерлерін таңғалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бубликтің бұл жетістіктері теннис әлемінің басты шоу-мені – Ник Кириостың назарынан тыс қалмады.

Әрине, аустралиялық теннисші қазіргі таңда рейтингтен шығып қалған. Бірақ ерекше ойыны мен корттағы еркін әрекеттерімен танымал болған ол, енді өзіне ұқсас ойын мәнері бар Бубликке назар аударып отыр. Александрды көптен бері Кириосқа ұқсатып келеді, ал Ник жақында қазақстандық әріптесіне "Уимблдон" турниріне орай тілек білдірді.

This is an interesting take. But again, of course we can’t just appreciate 2 guys going about it the way they want to. Bublik is fun to watch and I’m grateful for all the entertainment