Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1 қазанда 2024 жылы мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды.
Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар маусым айында меншік иелеріне бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.
Сонымен бірге меншік иелеріне 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберіледі.
1 АЕК-тен астам берешек сомалары бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін 30 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қалыптастырылған салық бұйрығы жіберіледі. Ал, 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі. Бұл ретте жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады.
Салық органының өкілдері артық шығындар мен сұрақтар болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуді ұсынады. Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, "Электрондық үкімет" порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.