Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің бүлдіршіндерге күш көрсеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда оның балаларды шашынан тартып, басынан ұрып, итергені анық көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған жайт бойынша Павлодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шекенова балабақшаға барып, жағдайды жеке бақылауына алды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта видеожазбалар тексеріліп, тиісті шаралар қабылдануда.

Құзырлы органдар бұл дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Балабақшада тәрбиешінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Батырдың парақшасы???????? (@batyr_bloger)