Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұған дейін жоспарланған барлық сапарға шығу қажеттілігін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты мәлімдеме жасады. Қазақстандықтарға Таяу Шығыс елдеріне бұған дейін жоспарланған барлық сапарға шығу қажеттілігін қайта қарау қатаң түрде ұсынылды.
"Қазіргі уақытта жағдай мен ықтимал тәуекелдер жан-жақты бағаланып жатыр, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізілуде.
Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстердің тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне алып келді", — делінген министрлік хабарламасында.
Осыған байланысты СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынып отыр:
- сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
- адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;
- қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;
- броньдалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;
- төменде көрсетілген жедел байланыс арналары арқылы Қазақстанның елшіліктерімен тікелей байланыста болу:
1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі:
+97450649955
+97470910579
[email protected]
[email protected]
2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.):
+97124498778
+971503629805
[email protected]
3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:
+971556103341
+971505701978
[email protected]
4. ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00
"Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің барлық дипломатиялық өкілдігі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жағдайдың дамуын үнемі бақылауда ұстап, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті тәулік бойы көрсетуді жалғастыруда", — деп қосты министрлікте.
Таяу Шығыстағы жағдай
- Израиль екі ай бітімгершіліктен кейін Газаға қайта соққы жасай бастады
- Израиль премьер-министрі Нетаньяху ЦАХАЛ-дың жаңа қолбасшысын тағайындады