2025 жылдың 22 маусымында Қырымдағы «Тайган» сафари-паркінде жантүршігерлік орын болды. Еуропадағы ең ірі жабайы жануарлар саябағының негізін қалаушы әрі иесі Олег Зубковқа арыстан шабуылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға кешкісін, Зубков арыстандарды тамақтандырып жатқан кезде болған. Болжам бойынша, жыртқыш оның мойнынан тістеп, денесіне бірнеше жара салған. Жабық тордан өз күшімен шыққанымен, көп ұзамай есінен танып қалған. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.
Олег Зубков – жануарлармен жұмыс істеуге өмірін арнаған танымал кәсіпкер. Ол 1998 жылы Қырымда «Тайган» сафари-паркінің негізін қалап, кейін Ялтадағы зообақты да басқаруға алған. Оның парктерінде арыстан, жолбарыс, жираф, маймыл сынды ондаған экзотикалық жануар мекендейді. Сонымен қатар Зубков жануарларды құтқару жолында да талай тәуекелге барған. Мәселен, 2022 жылы ол Херсоннан жануарларды соғыс жағдайында алып шығу үшін 200 шақырым жол жүрген.
Зубковтың жануарларға деген ерекше сүйіспеншілігі мен батылдығы әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды. Қолдаушылар оны ержүрек әрі адал маман ретінде сипаттап, сауығып кетуіне тілектестік білдіруде. Дегенмен кейбір қолданушылар оның саяси ұстанымын сынға алып, «коллаборатор» деп атауда.
Мамандардың айтуынша, бұл жағдай жабайы жануарлармен жұмыс істеудің қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұған дейін жолда киіктер немесе басқа да жабайы жануарлар кездессе не істеу керектігі туралы жазғанбыз.