Ақын Салтанат Қайырбек әнші Димаш Құдайбергеннің "Тау ішінде" әніне түсірілген бейнебаяны туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Димаштың «Тау ішінде» бейнебаяны (8 минуттық) татуировка жасауға үндеу, рок-эстетикасы мен замандық клишелерден басталады — бұл көркемдік шешім көрерменнің назарын тарихтан гөрі берірек, клиптік қабылдау деңгейіне ауыстырып жібереді.
Мәдениетенушы Александр Генис былай деген:
«Көркем бейне мәтінмен үндеспесе, мағына «қосарлана» алмайды. Онда тек эффект қалады, мән жоғалады.» Бейнебаянда кемі «ақбоз ат» пен «сүмбіл шаш» болмаған соң, «Димашты көре алмайсың» дегеннен гөрі, «оның бейнебаянында болуы тиіс маңызды атрибуттарды көріпсің» деген абзал.
Бейнебаян көркем өнім ретінде қызықты болуы мүмкін, бірақ ұлттық музыкалық мұраны интерпретациялау үлгісі ретінде қабылдауға келмейді», — деп жазды ақын.