Бүгін сенат отырысында екінші оқылымда қаралған жаңа Салық кодексі мақұлданбай мәжіліске кері қайтарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Салық кодексін талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында сенатта мынадай өзгерістер ұсынылды:
- Шаруа және фермерлік қожалықтар үшін прогрессивті салық салуды енгізу ұсынылады: 230 000 АЕК-тен жоғары табысқа 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық енгізіледі;
- KASE-де бағалы қағаздармен мәмлелерден дивиденд алатын азаматтар үшін жеке табыс салығы бойынша жеңілдік белгілеу;
- Төлем карточкаларымен операциялар ҚҚС-тан босатылады, ол банк операциялары бойынша шығындардың ұлғаюын және халықаралық есеп айырысудағы ақаудың алдын алу үшін жасалады;
- Сән-салтанат заттарына (автомобильдер, кемелер, ұшақтар) акциз тек импорттау кезінде ғана емес, ел ішінде сатылған кезде де алынады. Жеке тұлғалар ғана сән-салтанат заттарына акциз төлеушілер болады;
- бейрезиденттер үшін мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын айналымға байланысты кірістер бойынша қолданыстағы салықтық жеңілдіктерді сақтау ұсынылады;
- барлық салық ережесі тек 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі мүмкін деп белгіленген;
- кабинеттік тексерулер туралы хабарламаларды елемеу жағдайында электрондық шот-фактураларды тоқтата тұру механизмі енгізілді;
- Мүгедектігі бар адамдар (кемінде 10 қызметкер) жұмыс істейтін кәсіпорындардың айналымы ҚҚС-тан босатылады;
- отандық баспа басылымдары үшін 10 пайыз ҚҚС мөлшерлемесі белгіленеді;
- тіршілікті қамтамасыз ету объектілері үшін қоршаған ортаға теріс әсер етудің қолданыстағы тарифтері сақталады;
- шаруа қожалығына өтеусіз берілген мүлік салық салынатын табыс болып есептелмейді.
Осылайша сенат депутаттары Салық кодексінің жекелеген баптарын мақұлдамай, аталған кодекс баптарының жаңа редакциясын әзірлеу туралы ұсыныспен мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады.