Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Қазақстан аумағында байқалған ұшқышсыз ұшатын аппараттар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ресей СІМ 19 және 20 маусымда Батыс Қазақстан облысы аумағында ондаған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшу деректері тіркелгенін және бұл "РФ аумағына кірмекші болған" украиналық дрондар екенін мәлімдеді.
"Біздің одақтас және ҰҚШҰ мүшесіне қатысты бұл әрекеттерді қатаң айыптаймыз. Жауапты үкімет және бейінді халықаралық құрылымдарды мұндай провокацияларға назар аударып, тиісті деңгейде әрекет етуге шақырамыз.
Болған жағдай ҰҚШҰ аясында ұжымдық қауіпсіздік шараларын нығайту қажеттілігін кезекті рет дәлелдеп отыр", — делінген Захарова мәлімдемесінде.