"Астана" "Зимбруға" қарсы алғашқы ойынын өз алаңында "Астана Аренада" өткізбек.

"Астана" мен Молдованың "Зимбру" клубы УЕФА-ның қолдауымен өзара келісімге келіп, конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі ойындарын алмастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алғашқы матч 24 шілдеде "Астана Арена" стадионында, ал қарымта кездесу 31 шілдеде Кишинёв қаласында өтеді", – деп жазылған хабарламада.